Жыл сайын Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл қаралы дата – еліміздің тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі.
Мектебімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларды Отанымыздың тарихи өткенімен таныстыру, оқушыларды демократиялық, бостандық, тұлғалық қадір-қасиет, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.
Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.