Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Пригородный ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де әзірленген жоспарға сәйкес Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтуде. Мектеп мұғалімдері жоғары сынып оқушыларымен флешмоб, челленж, сынып сағаттарын өткізді.
Алғыс айту күні — бұл біртұтас азаматтық қағидаты бойынша қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайту.
Алғыс айту күні-еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі, әрбір адамның жүрегіне жақын. Тек мейірімді, шебер
адамдар бір-біріне, ата-аналарға, табиғатқа және өз Отандарына алғыс сөздерін шын жүректен білдіреді.