Құрметті Пригородный ауылының тұрғындары!
Жылда 1 шілдеден 30 қыркүйек аралығында республиканың барлық өңірлерінде алтыншы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Акцияның жұмысы балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке бара алмауының алдын алу және тұрмысы төмен отбасылардың оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауда қолдау көрсетуге бағытталады. Өмірдің қиын жағдайына душар болған балаларға, нақты бір балаға немесе аз қамтылған отбасына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар мекемесіне көмектесемін деген демеушілерді, мемлекет қызметкерлерді, әр-бір азаматты «Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырамыз.
Балаларға нақты қайырымдылық көмегін көрсетемін деген демеушілер ақпаратты мына телефондардан арқылы алуға болады: 8(71631)24-5-63,
Көмек қажет ететін балалар туралы мәлімет білім бөлімінде алуға болады.
Балаларға мектепке жол табуға көмектесейік!