"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ПРИГОРОДНЫЙ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ПРИГОРОДНОЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы қоңырау соғылды!

25.05.2019

Алақай! Соңғы қоңырау соғылды! 

Салтанатты шараның шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды. Одан кейін мектеп директоры Есенбеков С.Б. оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.

Аяқталғалы отырған оқу жылы біздің мектебіміз үшін де жемісті жыл болды. Біздің оқушыларымыз биылғы оқу жылында жақсы білім сапасын көрсетті.  Бұл — біздің ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың талмай еткен еңбектерінің жемісі.

Еліміздің болашағы — сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңыздыі тілеймін. — деді мектеп басшысы түлектерге.

Шара барысында директор орынбасары биылғы оқу жылында ғылыми жарыстарға, спорттық шараларға, сондай-ақ, халықаралық конференцияларға қатысқан ұстаздар мен оқушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар тапсырды.

 - Осыдан 11 жыл бұрын кішкентай болып осы мектепке келген балапандар қазір, міне,  әдемі жігіттер мен қыздар болып өсті. Түлектер, сіздерді осындай деңгейге жеткізген ұстаздарыңызға мың алғыс! Сіздерді ата-аналар атынан бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап, Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы баға алуларыңызға тілектестік білдіремін!

Соңғы қоңырауды 11-сынып оқушысы Тимур Танкибаев пен 1-сынып оқушысы Валерия Чувило соқты.

Шара соңында мектептің өнерлі оқушылары патриоттық әндер орындап, түлектер шарларды ұшырды.

Айта кету керек, биыл мектепті 3 түлек бітіріп отыр: САдовская Олеся, Танкибаев Тимур, Чувило Анастасия.

Просмотров: 325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст