Текст
Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн,жеңістің туын тікккен 1945 жылғы 9-мамыр –азат күресінің айбынды күні, сол Ұлы Жеңіс мерекесіне биыл 74 жыл толды. Ер азаматтар қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар,әйелдер,балалар күн ,түн демей еңбектенді. Осындай қиыншылықпен 4 жылға созылған соғыста еліміз жауды ойсырата жеңіп, Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Бұл 1945 жылдың 9-мамыры еді. Халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл-қыздарын қастерлеп,қадір тұтады.
Биылғы 9 мамыр күні ауа райы өте керемет болды. Мектеп оқушылары алаңға шықты, онда шағын концерт көрсетті. Соңында ескерткішке гүлдер салып тағзым көрсетті.
Жеңіс күні құтты болсын!