"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ПРИГОРОДНЫЙ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ПРИГОРОДНОЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құттықтаймыз!

21.10.2025

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 17-20 қазан аралығында Астана қаласы №107 орта мектеп базасында «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамыту үрдістері мен перспективалары» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, психологиялық қолдау орталықтарының әдіскер-психологтарының қатысуымен республикалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты білім алушыларды білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамытудың қазіргі тенденциялары мен перспективаларын бақылау, тәжірибе алмасу және білім алушыларды қолдау дамытудың тиімді тәжірибелерін айқындау болып табылады.
Семинарда «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы жеңімпаздарының үздік авторлық бағдарламалары, отандық психологиялық әдістемелер мен қазақстандықпопуляцияға бейімделген шетелдік әдістемелермен танысу, аймақтық психологиялық қызметтің жұмыс тәжірибесімен танысу қарастырылды.
Семинар аясында «Олимп шыңы» психология пәнінен республикалық олимпиада өткізілді. Аталмыш олимпиадаға қатысқан біздің  мектебіміздің педагог-психологы Ли Марина Алексеевна III дәрежелі Дипломмен марапатталды. 
Республикалық семинардың пәндік олимпиадасында ерекше жетістіктерге жеткен Марина Алексеевнаны құттықтаймыз!

Просмотров: 185


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст