"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ПРИГОРОДНЫЙ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ПРИГОРОДНОЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АПВ-на қарсы вакцинасы туралы не білеміз?

01.08.2025

АПВ вакциналары

Оларды басқаша «қатерлі ісікке қарсы вакциналар» деп атауға болады. Өйткені олар көптеген қатерлі ісіктерге, көбінесе жатыр мойны обырына әкелетін АПВ онкогендік түрлерімен инфекциядан қорғайды.

Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша жатыр мойны обыры – бұл АПВ-на қарсы әмбебап вакцинацияны енгізу арқылы алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік.

АПВ-на қарсы вакцинасы туралы не білеміз?

АПВ-на қарсы алғашқы вакцина шамамен 20 жыл бұрын – 2006 жылы АҚШ-та тіркелген. Осы уақыттан бастап бүкіл әлем бойынша 500 миллионнан астам доза таратылды. Тұрақты тексерулер АПВ-на қарсы вакцинасының тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.

1983 жылы АПВ мен жатыр мойны обыры арасында себеп-салдарлық байланыс орнатқан неміс ғалымы Харальд цур Хаузен бұл жаңалығы үшін медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығын алды. Дәл осы жаңалық «жатыр мойны обырына қарсы вакциналар» атауын алған АПВ-на қарсы вакциналарын жасауға кірісуге мүмкіндік берді.

АПВ вакциналары

АПВ-на қарсы вакцинасы қандай түрге жатады?

АПВ-на қарсы вакциналары рекомбинантты түрге жатады. Бұл жанама әсерлері жағынан ең заманауи және қауіпсіз вакциналардың бірі. Рекомбинантты вакциналардың ерекшелігі – олар патогеннің белгілі бір бөлігіне бағытталған, бұл иммундық реакцияны мүмкіндігінше оңтайландыруға мүмкіндік береді.  Бұл АПВ-на қарсы вакциналары мүмкіндігінше тиімді екенін білдіреді.

 

Маңызды: АПВ-на қарсы вакциналарында тіршілікке икемді биологиялық материал немесе вирустық ДНҚ жоқ, сондықтан олар инфекцияға әкелмейді.

АПВ-на қарсы вакцинасының нұсқалары

2023 жылға арналған 6 лицензияланған вакцина бар:

  • АПВ16 және АПВ18 түрлеріне қарсы екі валентті (CECOLIN, CERVARIX, WALRNIVAX);
  • АПВ16, АПВ18, АПВ6 және АПВ11 түрлеріне қарсы төрт валентті (CERVAVAC, GARDASIL)
  • 6, 11, 16, 18, 31, 33, 45, 53, 58 АПВ түрлеріне қарсы тоғыз валентті вакцина  (GARDASIL 9).

Тағы бір вакцина клиникалық зерттеулердің III кезеңінен өтеді.

Қазақстанда қандай вакцина қолданылады?

Қазақстанда 2024 жылдан бастап "Гардасил-4"вакцинасын қолдану жоспарлануда «Гардасил-4»‎. Ол АПВ-на қарсы вакциналарының ішінде бірінші болып 2006 жылы тіркелді және көптеген елдерде 20 жылға жуық қолданылып жатыр.

АПВ-на қарсы вакциналары қаншалықты тиімді?

Барлық АПВ-на қарсы вакциналары 16 және 18 типтерінен 95%-дан астам қорғанысты қамтамасыз етеді, олар дүние жүзінде жатыр мойны обырының 71%-ына жауап береді.

Өндірушілер мәлімдеген АПВ-ның басқа түрлерінен (төрт валентті және тоғыз валентті вакциналар) қорғауда олардың тиімділігі кем емес.

АПВ вакцинасын тағы қандай елдер қолданады?

2023 жылдың деректері бойынша – ДДҰ-ның 194 қатысушысының 135 елі иммундау бағдарламаларына АПВ вакцинасын енгізді. АҚШ пен Австралия сияқты бірқатар елдерде вакцинация тек қыздарды ғана емес, ұлдарды да қамтиды. Себебі АПВ тек жатыр мойны обырын ғана емес, сонымен қатар репродуктивті жүйенің, сондай-ақ бас пен мойынның басқа да қатерлі ісіктерін тудыруы мүмкін.

АПВ вакцинациясын енгізген елдер 18-35 жастағы әйелдер арасында АПВ инфекциясы, қатерлі ісік алды және жатыр мойны обыры жағдайларының айтарлықтай төмендегенін (90% дейін) атап өтті.

ТМД елдерінде АПВ-ға қарсы вакцинаны Армения, Грузия, Молдова, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстан иммундау бағдарламаларына енгізді.

Неліктен 2024 жылы 11 жастағы қыздарға вакцина егу жоспарлануда?

ДДҰ мәліметтері бойынша, АПВ-на қарсы вакцинациясының ең оңтайлы жасы – 9-14 жас. Осы жастағы вакцинация ең күшті иммундық реакцияны қамтамасыз етеді, сондықтан ең тиімді.

Қазақстанда АПВ-на қарсы вакцинация 2024 жылдың күзінде басталады. Мақсатты топ: 11 жастағы қыздар. Толық курс – алты айлық аралықпен екі вакцинация.

11 жасында жоспарлы егуді өткізіп алған 12-13 жас аралығындағы қыздарға қайталап вакцинациялау мүмкін.

АПВ-на қарсы вакцинасына қатысты сұрақтарға толығырақ жауаптар Egu.kz сайтындағы бөлімде: Толығырақ – FAQ – АПВ.

Жатыр мойны обырына қарсы күресте тағы нені есте сақтау маңызды?

АПВ-на қарсы вакцинация жатыр мойны обырының тұрақты скринингін алмастырмайды. 30 жастан 70 жасқа дейінгі қазақстандық әйелдер мұндай скринингтік тексеруден 4 жыл сайын өтуі тиіс.

Вакцина АПВ-ның барлық онкогенді түрінен қорғамайды, тек ең көп тарағандары – АПВ16 және АПВ18. Олар дүние жүзінде жатыр мойны обырының 71%-ына жауапты.

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст