Текст
Пригородный мектебінің мұғалімдері Тоpiq.kz планформасын белсенді қолданып отырады. Тоpiq.kz – 1-11 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтар платформасы. Барлық оқулықтар ҚР БжҒМ барлық талаптарына сәйкес келеді. Цифрлық оқулық – баспа оқулықтың pdf нұсқасы емес, интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы.
Біріншіден, электрондық оқулықтар өте жеңіл. Барлық оқулықтар смартфон немесе планшетке жинақталған.
Екіншіден, электрондық оқулықтар оқу кеңістігін үлкейтеді. Онда көптеген аудио, бейне материалдар бар.
Үшіншіден, электрондық оқулықтар:
- мұғаліммен жеңіл байланыстырады
- өзін тексеруге арналған тапсырмаларды орындау мен оқу материалын табысты меңгеру.